Бүгін сағат 15:00-де аурухана қызметкерлері өзінің кәсіби міндеттерін атқару кезінде жазатайым мерт болған жедел жәрдем фельдшері 23 жасар Ұлдана Мырзуанды бір минут үнсіздікпен еске алды🕯️
Адамдарға көмек көрсетіп жүрген Ұлданаға көп қабатты үйдің сыртқы қаптамасы құлап, алған жарақаты оның өліміне әкеліп соқтырды.
Бұл барша медицина қызметіне ғана емес, жанқиярлықтың құнын білетін әр адам үшін орны толмас қайғы💔
Ұлдананың жақындары мен туған-туыстарына қайғырып, көңіл білдіреміз.
Оның жарқын бейнесі әрқашан есте қалады. 🤍





