Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына шұғыл түрде босанғаннан кейін 16 тәулікте тырысу белгілерімен, ес-түсіінен айырылған, жоғары қан қысымы бар жас ана ауыр күйде түсті. Пациент дереу реанимация бөлімшесіне жатқызылды, шұғыл басына Кт жасалды. Егер геморрагиялық инсульт болса КТ-та көрінеді, ал ишимиялық инсульт бір тәулік пен 3үш тәулік аралығында байқалады, бастапқыда «клиникасы» білінеді. Пациенттің жай-күйі ауыр болды. Дәрігерлер пациенттің өмірі үшін күресе берді және оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосуға мәжбүр болды. Көп ұзамай қайта жасалған КТ-да инсульттің белгілері анықталды. Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының директоры Жанна Қабиденқызы Маутованың айтуынша, босанған әйелді сақтап қалу үшін көп зерттеулер жүргізілді, денсаулық сақтау басқармасының, облыстың бас акушер-гинекологының және эндокринологының қатысуымен бірнеше рет консилиум жүргізілді, сондай-ақ республика мамандарының қатысуымен бірнеше телемедициналық консультация өткізілді. «Біз бүкіл жағдайды қайта қалпына келтіру керек болды, біз перинаталдық орталыққа және тіркелген жері бойынша емханаға жүгіндік. Әйелде қалқанша безінің ауыр ауруы бар екені анықталды. Науқас баланы емізу үшін эндокринолог тағайындаған препараттарды қабылдауды тоқтатқаны белгілі болды. Бұл инсульттің тудырған болып шықты, өйткені тиреотоксикоз қан қысымының жоғарылауына әкеледі және өте күрделі механизм іске қосылады, ол тек мида ғана емес, тромбозбен бірге жүреді. Сондықтан ешқандай жағдайда дәрігер маман тағайындаған емдеуді назардан тыс қалдыруға болмайды», - деді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының директоры Жанна Маутова. Сондай-ақ, науқастың оң жағында қолы мен аяғы қимылсыз болды. Алайда дәрігерлер жас ананы қалыпты өмірге қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Бір айға жуық емдеуден және аурухананың медицина қызметкерлерінен мұқият күтімнен кейін науқас қимылдау функциясы қалпына келе бастады. Бүгін әйел ауруханадан үйіне шығарылды, біз оған тезірек сауығып кетуін тілейміз! Әйел аурухана қызметкерлерімен қоштасара «Барлық медицина қызметкерлерге жақсы күтімдері мен мейірімдері үшін алғыс айтамын. Сіздер менің өмірімді сақтап қалдыңыздар!",- деп алғысын білдірді.
Жаңалықтар
Сақ болыңыз! Жас кездегі инсульт
Қаралды: 284