"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Өзін өзі емдеу қайғылы жағдайға әкеле жаздады

Өзін өзі емдеу қайғылы жағдайға әкеле жаздады

Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасынатыныш күйде ентігу, аздап қимылдағанда өршейтін ентігу, ауаның жетіспеуі, кеуде қуысының бітелуі, басының ауруысияқты шағымдармен 21 жастағы науқас түсті. Анықбронхобструктивті синдроммен ауыр хәлдегі науқас терапия бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Тыныс алу жүйесінің зақымдану дәрежесін және пациентті одан әрі емдеу тактикасын айқындау үшін дәрігерлер консилиумдар өткізді, құрал-саймандарымен және зерттеудің қосымша әдістерімен зерттеулержүргізді. Аралас бронх астмасы диагнозы қойылды. Бұл күй астманың аллергиялық және инфекциялық түрінің салдары болып табылады. Жай-күйінің ауырлығына байланысты қыз балареанимация бөлімшесіне ауыстырылды, ол дәрі-дәрмектік комаға және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Ол ауруханада 23 күн емделді, оның ішінде 12 күн реанимация бөлімшесінде дәрігерлердің тұрақты бақылауында ем алды. Дәрігерлердің кәсіби және жедел жұмысының, сондай-ақ кіші және орта буын медицина қызметкерлерінің күтімінің арқасында пациенттің жай-күйі жақсара бастады. Өз-өзіне келген қыз ауырып қалғанында анасының ұсынысы бойынша өзін-өзі емдегенін (кеуде қуысына қой майын жаққан) айтты. Бұл көмектеспеген, уақыт өте бере жағдайы нашарлай түскен.

Дәрігерлер өзін-өзі емдеумен айналыспауды сұрайды, әсіресе,денсаулық жағдайы нашарлаған кезде. Жедел медициналық көмекке жүгіну қажет.

Қыз бала шамамен бір айдан кейін жай-күй жақсарғаннан кейін үйіне шығарылды, оған дәрігерлер өз ұсыныстарын берді.

Өз денсаулықтарыңызға мұқият болыңыздар!

 

Записаться на прием