Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына өрттен кейін ес-түссіз, ауыр жағдайда 56 жасар ер адам түсті. Пациент шұғыл түрде реанимация бөлімшесіне түтіннен қатты улану және оң жақ тізе буынының күйігі диагнозымен жатқызылды. Тыныс алу функциясының жеткіліксіздігінен ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.
Пациентті одан әрі емдеу тактикасын айқындау үшін консилиум жиналды. Емдеу барысында оған екі есе дозалы бактерияға қарсы терапия, тромбоэмболиялық асқынудың алдын алу және синдромдық терапия тағайындалды. Жай-күй тұрақтанғаннан кейін өздігінен тыныс алуы қамтамасыз етіліп, пациент өкпені жасанды желдету аппаратынан айырылды.
Бірнеше күн өте ер адам терапия бөлімшесіне ауыстырылды, қазіргі уақытта қажетті емін алып жатыр.