Біздің ауруханаға іш қуысында жарақаты бар 50 жастағы әйел түсті. Бірінші минуттан ақ команда нақты және үйлесімді әрекет етті.
Операция шамамен екі сағатқа созылды. Операция барысында: іш қуысында қан жиналған, асқазаны жарақаттанған, ұйқы безі зақымданған және бауырдың сол жақ бөлігі жарақаттанған. Барлық жараларға тігіс салынды, қоректендіру үшін зонд қойылды.
Операция жасаған хирургтар:
👨⚕️ Захаров Руслан Николаевич
👨⚕️ Шевченко Евгений Игоревич
Анестезиолог —
👩⚕️ Кипень Юлия Аскаровна
Операциядан кейін пациент 4 күн бойы реанимацияда дәрігерлердің бақылауында болды, кейін хирургия бөлімшесіне ауыстырылды.Жүргізілген емнің нәтижесінде оң динамика байқалды: жай-күйі тұрақталды, жоспар бойынша қалпына келе бастады.
10-шы тәулік болғанда одан әрі амбулаториялық бақылауда болуы үшін пациент қанағаттанарлық күйде үйіне шығарылды.
💙 КБҚЖМЖА-дағы әр операция — бұл команданың үйлесімді жұмысы, әр затқа назар аудару және пациентті әдеттегі өмірге қайтаруға деген ұмтылыс.





