"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Бет-жақ хирургиясы бөлімшесіне асқынған флегманамен пациент түсті.

Previous Next

Оқиға бір ай бұрын орын алған: ер адамның тісі ауырған, бірақ көмекке жүгінбеген. Дәрігерге жүгінудің орнына ол ауырғанға шыдап, кейін шыдай алмаған соң ауырсынуды басатын дәрілер қабылдаған.

Жағдайы нашарлай бастаған: ер адам ауруханаға бару шешімін қабылдағанға дейін ісік үлкейе бастаған. Дәрігерлер ауырған тісті жұлып тастап, іріңдеген абсцессті ашты.

Науқастың жағдайы нашар болғаны сондай, ол ӨЖЖ аппаратына қосылып, 7 күн бойы реанимацияда жатты. Әйтеуір жүргізілген ем жақсы нәтиже көрсетіп, асқыну тоқтатылды, тіндері тартыла бастады. Сондан кейін пациенттің ісігінің орны тігілді.

Қазіргі кезде оның жағдайы жақсарып, үйге қайтуға дайындалып жүр.

⚠️ Тісті емдеуді ұзаққа созу қауіпті екенін естеріңізде сақтаңыздар! Ауыз қуысындағы қандайда бір асқыну ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Оған жол бермеу үшін:

​•​Тіс дәрігеріне үнемі бару - жылына кемінде 2.

​•​Тіс ауруына немесе жайсыздыққа көңіл бөлу.

​•​Ауыз қуысының гигиенасын сақтау: тісті күніне 2 рет тазалау және тіске арналған жіпті қолдану.

Өз денсаулығыңызды сақтаңыз! Проблеманың салдарын жойғаннан гөрі оның алдын алған дұрыс.

Записаться на прием