"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Велосипедтер маусымы - қауіпсіздікті естен шығармау қажет!

Велосипедтер маусымы - қауіпсіздікті естен шығармау қажет!

Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына соңғы күндері велосипедтен құлаған бірнеше пациент түсті.

👨‍🦰 66 жастағы пациент ауруханаға оң жақ жамбас буынының қатты ауыратынына және аяққа тұра алмайтынына шағымданып түсті. Ол ауруханаға түсердің алдында екі сағат бұрын велосипедтен құлаған.

📋 Диагноз: оң жақ сан сүйегінің жабық сынуы.

🛠 Оған операция жасалды — іштен бекіту арқылы жабық репозиция.

👨‍⚕️ Операция жасағандар травматолог-ортопедтер Смайлов Қайрат Мұрзабайұлы мен Кеңесов Әсет Мұқтарұлы, анестезиолог-реаниматолог — Кипень Юлия Аскаровна.

Қазіргі кезде пациент скелеттік тарту емін алып жатыр, стационарда 9-шы күн ем қабылдауда.



👱‍♂️ Басқа 70 жасар ер адам велосипедтен сол бүйіріне құлаған.

📋 Диагноз: сол жақ қабырғаларының сынуы.

Пациент қажетті емін алды, жағдайы жақсарып, үйіне шықты.

Записаться на прием