"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Жас – қалыпқа келуге кедергі емес

Previous Next

Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының дәрігерлері әр пациентті жасына қарамай, аяғына тұрғызуға тырмысады.

Ауруханамызға ауыр халдегі, сөйлеуі бұзылған және оң аяғын қозғалтуға ауырсынатын 95 жасар пациент түсті. Үйінде қан қысымы 200/100 мм рт. ст. жеткен.

Қажетті қарап-зерттеулерден кейін әйел адам инсульт орталығына емдеуге жатқызылды. Негізгі диагнозы – қан құйылу түрі бойынша мидағы қан айналымының жіті бұзылуы, сондай-ақ ілеспе аурулары да бар.

Пациент бөлімшеде қажетті емін алды және тұрақты медициналық бақылауда болды. Дәрігерлер қан қысымы мен жалпы жай-күйін бақылап отырды, жағдайын тұрақтандыруға және асқынулардың алдын алуға бағытталған терапия жүргізді. Ауруханаға түскен алғашқы күннен бастап қозғалу және сөйлеу функцияларын қалпына келтіруге ерекше назар аударылды.

Емдеген дәрігер — невролог Ибадов Мухаммад Абдуразакович.

Стационарда жатқан 12 күнде оң өзгерістерге қол жеткізілді. Пациент ауруханадан жағдайы жақсарып шығарылды: сөйлеуі анық болды, ол өздігінен отырады, қолдау көрсетумен немесе көмекші құралдарды қолданып жүре алады.

Біздің пациенттің өз оқиғасы бар. Оның сөзінде биыл 98 жасқа келеді екен – кезінде туу туралы куәлігін рәсімдегенде туған жылы дұрыс көрсетілмеген екн.

Үлкен жасқа келу – өз қалпына келу үшін күресуге кедергі емес. Пациенттің алға басқан әр қадамы – бұл үлкен ортақ жеңіс болып табылады. ❤️

Осы пациентімізге тағы көп жылдар бойы денсаулығы мықты болсын деп тілейміз! 🌷

Записаться на прием