"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ
Ресми интернет-ресурс

Өздеріңізді сақтаңыздар: күйік — бұл жай ғана ауырсыну емес, өмірге төнген қауіп

Өздеріңізді сақтаңыздар: күйік — бұл жай ғана ауырсыну емес, өмірге төнген қауіп

Біздің ауруханамызға 54 жастағы ер адам жазатайым жағдайдан кейін көмекке жүгінді: дәнекерлейтін шамды қолданған кезде құрал жарылып, киімі өртенген. Ер адам жалынды өзі өшірген, алайда күйік алған, сондықтан дереу медициналық көмекке жүгінген.

Бастапқы қарап-тексерген кезде оның жай-күйі ауыр деп бағаланды. Пациент шұғыл түрде реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Алғашқы сағаттарда күйік шалған жерлері өңделді, асептикалық таңғыштар салынды, ауырсынуды басатын дәрі берілді, су-электролит балансын қалпына келтіру және күйіктен алған шоктың алдын алу үшін инфузиялық терапия басталды.

Диагноз: оттан алған 1, 2, 3А–Б дәрежелі термиялық күйік, зақымданған алаңы - 29%. Екі қолы, сол жақ бөксесі, сол жамбасы мен екі балтыры зақымданған. Бірінші тәулікте ер адам реаниматологтардың тәулік бойы бақылауында болды. Жай-күйі тұрақты болғаннан кейін травматология бөлімшесіне ауыстырылды. Пациентті емдеуге мамандықтары әртүрлі дәрігерлер қатысты: терапевт және эндокринолог, дәрі-дәрмекпен емдеу тәсілі реттелді, зақымданған терісіне таңғыш салынды мен күтім жасалды.

Стационарда 25 күн емделді. Ауруханадан үйіне шығарған кезде пациенттің жағдайы қанағаттанарлық болды, Оған одан әрі емделу және бақылауда болу жөнінде ұсыныстар берілді, амбулаториялық жағдайда емделуді жалғастыруға жіберілді. 

Записаться на прием